Хоккей • 03 Маусым, 2021

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Турнир 21-30 тамыз аралығында өтеді. Барлық команда Калгариге 10 тамызда келіп, карантинге жіберіледі.

Айта кетейік, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты былтыр өтуі тиіс болатын.

Алайда, коронавирусты инфекцияға байланысты бәсеке кейінге қалдырылды.