Әлем • 03 Маусым, 2021

Иранның мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран астанасындағы мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт шығып, кәсіпорындағы барлық жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранның мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Зауыт басшылығы өндіріс ошағына ешқандай қасақана әрекет жасалмағанын айтады. Қазір тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.