Әлем • 02 Маусым, 2021

Израильде жаңа президент сайланды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильдің жаңа президенті болып 60 жастағы Ицхак Герцог сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израильде жаңа президент сайланды

Жергілікті парламенттегі 120 депутаттың сексен жетісі Ицхак Герцог үшін дауыс берген.

60 жастағы саясаткер диаспорамен байланыс жөніндегі Еврей агенттігіне басшылық етеді. Оның әкесі Хаим Герцог та 1983-1993 жылдар аралығында Израиль президенті болған.

Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 9 шілдеде аяқталуы тиіс. Айта кеткен жөн, Израиль парламенттік мемлекет саналады. Билік премьер-министрдің қолында. Ал президент тек белгілі бір рәсімдерді ғана атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше