
«Олардың бірінің денесі сол маңда балық аулап жүрген азаматтың күшімен жағаға шығарылды. Ол бала 2008 жылы дүниеге келген жасөспірім екені анықталды. Екіншісінің денесі Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен іздестіріліп жатыр», деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.