Хоккей • 01 Маусым, 2021

Хоккей: Қазақстан плей-офф кезеңіне өтпей қалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының элиталық дивизионы плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккей: Қазақстан плей-офф кезеңіне өтпей қалды

Еске сала кетейік, биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер төрт мәрте жеңіске жетіп, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Нәтижесінде жеті ойыннан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орынға жайғасты.

Кеше Норвегияны жеңген жағдайда Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді. Өкініштісі, аталған қарсыласына қазақстандық хоккейшілер 1:3 есебімен жол берді.

Соған қарамастан, бүгін Финляндия мен Канада құрамалары арасындағы кездесуде финляндиялық хоккейшілер негізгі кезеңде басым түссе, қазақстандықтар жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болар еді. Алайда, Финляндия Канаданы буллитен 3:2 есебімен жеңді. Осылайша канадалықтар аталған ойында 1 ұпай алып турнир кестесінде Қазақстан құрамасының алдына шықты.