Оқиға • 01 Маусым, 2021

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында болған жантүршігерлік апаттан екі адам қайтыс болды, 4 жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

«30 мамырда Бұланды ауданының полиция бөліміне 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарласып, «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының 138 шақырымында жол апаты болғаны туралы жеткізді», делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Алдын ала болжам бойынша, Нұр-Сұлтан бағытында келе жатқан Volkswagen Polo автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, 25 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан. Volkswagen Polo аударылып қалды. 

«Апат салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жолаушылары оқиға орнында қайтыс болды. Көлікте 67 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел болған. Екеуі де астананың тұрғындары», деп хабарлады ПД.

Сонымен қатар Volkswagen Polo көлігінің 4 жасар жолаушысы Ақкөл ауданының орталық ауруханасына ауыр жарақатпен жеткізілген.