Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-анаға айыппұл салынды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-анаға балаларын тәрбиелеуден жалтарғаны үшін айыппұл салынды, тағы 300-ге жуығы ата-ана құқықтарынан айырылды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-анаға айыппұл салынды

Оның айтуынша, полиция тәуекел топтағы кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргізуде. Ондай 5 мыңнан астам адам және 7 мың қолайсыз отбасы есепте тұр.

«Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-ана балаларын тәрбиелеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, полицияның өтініші бойынша тағы 300-ге жуығы сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылды. Айта кетейін, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жүргені немесе ойын-сауық орындарында болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Мұндай бұзушылықтар үшін мекеме иелері мен кәмелетке толмағандардың ата-аналары жазаланады», деді ІІМ өкілі.

Баптар бойынша ата–аналарға ескерту жасау, кәсіпкерлік субъектілерге 9 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл 21 мың теңгеге дейін артады.

«Сонымен қатар 1,5 мыңға жуық жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Полиция жасөспірімдерге алкоголь мен темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде», деп толықтырды полковник.