Тағайындау • 28 Мамыр, 2021

Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды

1804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы-2021» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды

Олжас Сайлаубекұлы 1989 жылы ШҚО Көкпекті ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Шәкәрім атындағы СМУ-ін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан-Семей» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редакторы және жүргізушісі болып бастаған. 

Әр жылдары «КТК» телеарнасының Семей қаласындағы меншікті тілшісі, «Еуразия бірінші арнасының» арнайы тілшісі, «Пендеміз ғой» ток-шоуының жүргізушісі, Президенттік пул журналисі болып жұмыс істеген.

2020 жылдың тамыз айынан бері Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.

Отбасылы.