Елбасы • 26 Мамыр, 2021

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады

Ғ.Пірматовтың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өзінің атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалды. Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша түсім – 587,5 миллиард теңгеге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңгені құрайды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше