Спорт • 26 Мамыр, 2021

Бүгін хоккейден ел құрамасы Германиямен кездеседі

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ригадағы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы топтағы төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін хоккейден ел құрамасы Германиямен кездеседі

Бұл жолы қазақстандықтар топтың үздігі Германия құрамасымен кездеспек. Екі команда арасындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады.  Айта кетелік, Қазақстан командасы үш ойыннан кейін төрт ұпай жинап, бесінші орында келеді. Плей-офф кезеңіне төрт үздік құрама жолдама алады. 

В тобындағы турнир кестесі: 

Германия – 9 ұпай

Латвия – 7 ұпай

Финляндия – 7 ұпай

АҚШ – 6 ұпай

Қазақстан – 4 ұпай

Норвегия – 3 ұпай

Канада – 0 ұпай

Италия – 0 ұпай.                 

Айта кетейік, бұған дейін құрамамыз Финляндияны ұтып, АҚШ-тан жеңілді.