Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Қос азаматтығы бар ресейлікке айыппұл салынды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей көші-қон қызметінің өкілдері қос азаматтығы бар 64 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос азаматтығы бар ресейлікке айыппұл салынды

«Ол Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған. Оның куәлігі тәркіленіп, ҚР азаматтығынан айырдық», деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ресейлік азаматқа әкімшілік тәртіппен 100 АЕК айыппұл салынып, ҚР аумағынан шығарылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан азаматы бола алмайды.