Қоғам • 26 Мамыр, 2021

Алматыда Розыбақиев көшесі жабылады

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жылу жүйелерін жөндеуге байланысты Розыбақиев көшесіндегі жол қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Розыбақиев көшесі жабылады

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 26 мамыр мен 25 маусым аралығында Розыбақиев көшесінің бойындағы Березовский көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі қозғалыс жабық болады.

26 маусым мен 25 шілде аралығында - Байқадамов көшесінен Березовский көшесіне дейін авткөлік қозғалысы тоқтатылады.

«Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше