Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Алматыда мектеп оқушысы 9-қабаттан құлап қайтыс болды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Талғар ауданы Бесағаш ауылында болған. Оқушы бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің 9 қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда мектеп оқушысы 9-қабаттан құлап қайтыс болды

Марқұм құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған.

«Екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см және осы параққа басып, бала үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен», деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға 24 мамыр күні күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше бала арматураға қадалып қалған көрінеді. Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды. Қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025