Қоғам • 24 Мамыр, 2021

Елімізде тағы 4 әуежай Ashyq-қа қосылады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент, Түркістан, Ақтау және Костанай әуежайларына кіру Ashyq қосымшасы арқылы болады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тағы 4 әуежай Ashyq-қа қосылады

«Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары Ashyq бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір осы процестер мысалында Ashyq-ты басқа нысандарда қолдануға мүмкіндік бар», деді Юлия Якупбаева ОКҚ брифингінде.

Ол жақында «Астана-Арена» стадионында көрермен қатысқан футбол матчы өткенін айтты. Бұл карантин шектеулері басталғаннан бергі алғашқы ауқымды шара. Онда шамамен 6 мың адам жиналған, «сары» мәртебесі бар бір адам анықталған.

«Егер процесті толық теңгере алсақ, бұл тәжірибені басқа ареналарға тарата аламыз, тіпті келушілерді 20-30 пайызға дейін көбейтеміз деп үміттенеміз.

Демалыс күндері бас санитарлық дәрігер қаулы шығарды, қолданбалы бизнес үшін жұмыс істеу едәуір жеңілдеді. Ashyq-пен жұмыс істемейтін басқа нысандар үшін талаптар әр аймақта әр түрлі болады. Шымкент, Түркістан, Ақтау, Қостанай әуежайлары кестеге сәйкес санитарлық дәрігердің бұйрығына енгізілген», деп қосты Якупбаева.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025