Экономика • 24 Мамыр, 2021

Қазақстандықтарға Amazon-да сауда жасауға рұқсат етілді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия елдерінің сатушылары енді ірі америкалық Amazon электрон коммерция платформасында сауда жасай алады. Компания сатушылар тіркеле алатын елдердің тізімін жаңартты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтарға Amazon-да сауда жасауға рұқсат етілді

Amazon-ның жаңартылған тізіміне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кірді. Пайдаланушылар сайтта тауарларын сату үшін аталған елдердің тұрғыны болуы керек және жарамды телефон нөмірі мен халықаралық төлем картасы болуы шарт.

Бұған дейін Қазақстан тұрғындары үшін платформада тауар сату функциясы жабық болған.

Amazon (Amazon.com, Inc.) - халықаралық электрон саудамен айналысатын америкалық ірі компания. Штаб-пәтері - Сиэтлде орналасқан. Оның негізін Джефф Безос 1994 жылы 5 шілдеде қалаған.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025