Үкімет • 18 Мамыр, 2021

Еліміздің 5 өңірінде дебиторлық берешек өскен

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы дебиторлық берешектің өсіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 5 өңірінде дебиторлық берешек өскен

Бүгінгі Үкімет отырысында өткен жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындық шаралары талқыланды. Премьер-Министр өткен жылыту маусымы қалыпты режимде болғанын атап, алдағы маусымға сапалы дайындықты қазірден бастау керектігін ескертті.

«1 маусымға дейін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау бойынша іс-шаралар жоспарларын бекітуді тапсырамын. Солтүстік және шығыс өңірлерінің ауа райы жағдайларын ескере отырып, 1 қыркүйекке дейін – білім беру ұйымдарының, 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерінің толығымен дайын болуын қамтамасыз ету қажет», деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ жауапты сала басшыларына тұтынушылардың дебиторлық берешегін төмендету және энергия өндіретін ұйымдардың отын жеткізушілердің алдындағы берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдауды жүктеді.

«Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері дебиторлық берешектің өсу проблемасына назар аударсын», деді Асқар Мамин.