![Алматыда әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды](/media/2021/05/14/news_full1572502392374b68d9290e676a5c61bf47fd2d7d65.jpg)
«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.