Оқиға • 14 Мамыр, 2021

Павлодарда автобус бағанға соғылды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда қоғамдық көлік жолдан шығып кетіп, жарнама ілінген бағанға соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда автобус бағанға соғылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сағат 07:40-та «103»  желісіне куәгерлерден С.Торайғыров-Ак.Бектұров көшелерінің қиылысында, музыкалық колледжге қарсы аумақта автобустың бағанға соғылғаны туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнына жеделділіктің бірінші санаты бойынша үш жедел жәрдем бригадасы шығып, үш минутта жетті. Сегіз адам зардап шеккен. Олардың екеуі – алты және он бес жастағы балалар.  Бригада жол апаты болған жерде жұмыс істеп жатыр, – деп жазылған хабарламада.