Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Сарыағаш АПБ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар браконьерді ұстады. Сондай-ақ күдікті азаматтың үйінен айғақ зат ретінде 35 келі болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі бес миллион теңгеге жуық.
Белгілі болғандай күдіктінің Қарағанды облысының жергілікті тұрғыны екені анықталды. Бүгінгі таңда күдікті азамат Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындардан және қонақтардан табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және құрып кету қаупі төніп тұрған «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар мен өсімдіктерге құрметпен қарауға шақырады.