Қоғам • 06 Мамыр, 2021

Полиция қаржы пирамидасы құрбандарын іздейді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полицейлері белгілі тележүргізуші Баян Алагөзова мен блогерлер жарнамалаған қаржы пирамидасының құрбандарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қаржы пирамидасы құрбандарын іздейді

Полицейлердің мәліметінше, сәуірде бір топ адам Алматы қалалық ПД-ға қаржылық пирамида құру және басқару дерегі бойынша ASTEX.KZ, ACD technology компанияларының лауазымды адамдарына қатысты ұжымдық өтініш жазған. 

Соталды тергеу барысында 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет делінген қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы шарт жасасқаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға аударылған соманың 20 пайызын төлеуі керек болатын.

«Соталды тергеу барысында 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет делінген қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы шарт жасасқаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға аударылған соманың 20 пайызын төлеуі керек болатын», деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Рустам Әбдрахманов.

Бұған дейін алматылықтар танымал тележүргізуші Баян Алагөзова мен вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған болатын.