Экономика • 06 Мамыр, 2021

Еліміздегі соғысы ардагерлеріне қаншалықты көңіл бөлінеді?

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне зейнетақыны ескергенде қанша төлем жасалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі соғысы ардагерлеріне қаншалықты көңіл бөлінеді?

«Еліміз Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып келе жатыр.

Қарт адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық және жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылады. Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 5 пайызға және ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, әлеуметтік төлемдер 5 пайызға арттырылды. Қабылданып жатқан шаралар халықаралық практикада қолданылып жүрген жоғалтылған табысты алмастыру стандартын (40%) арттыруға мүмкіндік берді, ол Қазақстанда базалық және ортақ зейнетақы төлемдері есебінен 49,9 пайызды құрайды», деді Ерлан Әукенов.

Оның айтуынша, өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 20 пайызы (оның ішінде соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады. Осы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескергенде әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері, екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылары үшін – 182 851 теңге, екінші дүниежүзілік соғысы мүгедектері үшін – 188 051 теңге, басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс ардагерлеріне (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т. б.) – 198 801 теңге,  екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 154 638 теңге,  екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін-119 562 теңге, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 120 112 теңгені құрайды.

«Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджет және демеушілік қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда немесе мереке күндері материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді. Оған тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу және тағы басқалар кіреді», деді вице-министр.