Ауа райы • 04 Мамыр, 2021

Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

1207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидометтің мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Тек солтүстік және шығысында антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің 15-20 м/с-ге дейін ытқып, таңға жуық тұман болады.

Ал Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ге дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман басады.