Аймақтар • 01 Мамыр, 2021

Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «30 игі іс» акциясы өтті

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты қолға алынған «30 игі іс» акциясы  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «30 игі іс» акциясы өтті

Акция аясында 2 мыңнан астам қала тұрғынына азық-түлік пен қаржылай көмек берілді.

Қайырымдылық марафоны Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Абай» орталығында өтті. «Елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны өтіп жатыр.

Атырау облысында да аталған акция аясында көп балалы отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына, жалғызбасты аналарға көмек көрсетілуде. Мейірімділік пен қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады», дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Шара барысында ерекше балалары бар аналар мен көпбалалы отбасыларға 15 мың теңгенің сертификаты сондай-ақ, азық-түлік себеті мен гүл шоғы табысталды. Осындай көмек облыстың екі мыңнан астам тұрғынына көрсетілді. Солардың қатарында Мнупар Жамбылова да бар. Ол сал ауруына шалдыққан немересін тәрбиелеп отыр. «Қызымның бес баласы бар. Балаларының бірі туғанынан сал ауруына шалдыққан. Бес баланы өсіру оңай емес. Әсіресе, ерекше қамқорлықты қажет ететін сәбиге айрықша күтім қажет. Сондықтан, Саида жиенімді өз қамқорлығыма алдым. Жиенімді емдету мақсатымен Қазақстандағы ең танымал клиниканың бәріне апардық», дейді Мнупар Жамбылова.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше