Аймақтар • 30 Сәуір, 2021

Қарағандыда заманауи 24 автобус жолға шықты

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды қаласы бойынша бағыттарға Сарандағы QazTehna зауытында құрастырылған 24 жаңа автобус шықты. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда заманауи 24 автобус жолға шықты

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген лизингтік бағдарламасының және облыс әкімдігінің қолдауының арқасында 1-Таксокомбинат жаңа техника сатып алды. Бірінші кезекте автобустар №01 және №30 бағыттарға жіберіледі. Содан кейін №№7, 013, 28, 31 бағыттарына шығарылады.

Сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын автобустар барлық заманауи талаптарға және Евро-5 экологиялық санатына сәйкес келеді. Автобустар арбадағы мүгедектерге арналған пандустармен және алаңшалармен, балалы жолаушыларға арналған орындармен, сондай-ақ кондиционерлермен жабдықталған»,-дейді облыс әкімі.

Оның сөзінше, маусым айында «Рейс» ЖМ тасымалдаушысына 16 жаңа автобус және Саран қаласының автопаркіне 15 автобус жеткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі. Бұған қоса, Теміртауға Семейден 20 автобус әкелінді. Алдағы уақытта тағы 55 автобусты жеткізу жоспарлануда.

«Алдағы 2-3 жыл ішінде облыстың барлық ірі қалаларында қоғамдық көліктер барынша жаңартылады. Сонымен қатар, ауданаралық және облысішілік рейстерді автобустармен жабдықтайтын боламыз», деді Жеңіс Қасымбек.