Оқиға • 30 Сәуір, 2021

Алматыдағы орталық жол опырылып түсті

726 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы орталығында жол опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті. Оқиға Назарбаев көшесінің бойында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы орталық жол опырылып түсті

Оқиға орын алған жерде түсірілген суреттер Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Видеодан арнайы техниканың артқы жағы жерастына түсіп кеткенін байқауға болады.

Құтқару қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде 109 экипажы Назарбаев даңғылы 124 мекенжайындағы үй балконы мен қалқанына қауіп тудыратын бұтақтарды кесу үшін шақырылған.

«Шақырту орнына жеткенде, 109 Қызмет көрсету бөліміне тиесілі авто-гидравликалық көтергіштің оң жақ артқы дөңгелегі жер астына түсіп кетті. Ол жер негізінен жазда субұрқақ ретінде пайдаланылған. Оқыс оқиғаға қарамастан, автокөлік шұңқырдан шығарылып, құтқарушылар экипажы апат жағдайын тудырған бұтақтарды кесу жұмыстарын аяқтады», деді ведомство өкілдері.

Оқиға орын алған жерге полиция қызметкерлері мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылған.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025