Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

Талдықорғанда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

824 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Соның салдарынан кеше 11 бағыт бойынша 70-ке жуық автобус қызмет көрсеткен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Талдықорғанда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

Автобус жүргізушілерінің бұлай наразылық білідіруіне 4 айдан бері жалақыларын ала алмауы себеп болған. Жолаушы тасымалымен айналысатын екі компанияның қызметкерлері жалақыларын бұған дейін де бірнеше рет талап еткен, алайда компания басшылығы құрғақ уәдемен алдап келген. Телеарна тілшісінің мәліметінше, еңбекақыдан қағылған 100-ге тарта жүргізуші ақшаларын ала алмай әлек. Ал әкімдіктегілер жұмысшыларын жалақысыз қалдырған қос серіктестік алдында берешегіміз жоқ деп сендіреді.

«Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілдерінің және екі кәсіпорын басшылығы қатысқан кеңс өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша, кәсіпорындардың қызметін тексеру жөнінде шешім қабылданды», деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз өкілі Нұр Қанатұлы.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше