Технология • 26 Сәуір, 2021

Қызылордада кәсіпкерлік субъектілер «Ashyq» жобасына қосылды

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Қызылордада кәсіпкерлік субъектілер «Ashyq» жобасына қосылды

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

«Ashyq» жобасы алғаш болып еліміздің ірі қалаларында қаңтар айынан бастап пилоттық жоба негізде енгізді. Тесттік жүйеден сәтті өткен жоба жуырда біздің өңірде де қолданысқа ене бастады. Бағдарламаның басты мақсаты кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарында аурудың таралу ошағын болдырмау және келушілерге қолайлы орта қалыптастыру. Аймақта қосымшаны пайдалануға компютерлік клубтар, бассейндер, кинотеатрлар өтініш беріп, карантиндік талаптарды сақтай отырып жұмыс жасауда», деді Пірмұхаммед Айтбайұлы.

«Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Келушілер QR кодты сканерлеп, әкімшіге көрсетеді. Код тұрғынның статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және Денсаулық министрлігі жанындағы covid-19 бақылау орталығының ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

Тиісінше, 4 түс негізінде бағдарлама арнайы шешім қабылдайды. Мәселен «Қызыл» түс – үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.

Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу үшін InfoKazahstan.kz сайтына өтініш бере алады немес кәсіпкерлер палатасына жүгінуіне болады. Жоба мақұлданған сәттен бастап, 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көруге мүмкіндік бар. Ал тұрғындар қосымшаны интернет желісінен жүктеп алуларына болады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15