Аймақтар • 26 Сәуір, 2021

Алматыдағы Шалқар ауылында атыс болды

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында белгісіз біреу ер адамның аяғына оқ атты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы Шалқар ауылында атыс болды

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 сәуірге қараған түні болған. Шалқар ауылының 62 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

«Тексеру барысында Қаскелеңнің 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл факт «адам өлтіруге оқталу» әрекеті ретінде тіркелді. Істің себептері мен мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат жария етілмейді», деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның сол аяғын оқ тесіп өткенін айтты. Ол шамамен сағат 23:00-де Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі: «Науқас реанимация бөліміне түсті. Ол сол жақ аяғынан жараланған. Сол жақ жіліншігіне оқ тиген. Аяғының екі сүйегінің жоғарғы бөлігі сынған. Жалпы жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15