Кино • 26 Сәуір, 2021

Бүгін «Оскар – 2021» сыйлығы табысталады

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Минари» фильмі телеэкранға қанша рет ұсынылды? «Дәлел» марапаты қалай табысталады? Осы секілді сан түрлі сұрақ көптің көкейінде біраз уақыттан бері жүр. Жаһанда белең алған індеттің салдарынан кино өнері де тұралап қалды. Десе де, осындай қысылтаяң кезде кино сүйер қауымның қатары артпаса, кеміген емес.

Бүгін «Оскар – 2021» сыйлығы табысталады

Бірер сағаттан кейін америкалық кино академиясының 93-ші марапаттау рәсімі – «Оскар» кино жүлдесі өткелі жатыр. Айтулы іс-шара онлайн форматта өтеді. Биылғы тартысты сында киногерлер өздерінің операторлық тапқырлығымен, дыбыстық жұмысты әсерлі өңдеуімен ерен шығуда. 

Сондай-ақ «Оскар» сыйлығы көптеген номинация бойынша табыс етіледі. Соның ішінде  «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйел рөлі», «Үздік бейімделген сценарий», «Үздік оператор жұмысы», «Үздік монтаж» сыйлықтары бар.

Дегенмен, америкадағы президентік сайлауға және елдегі саяси шиеленіске байланысты бәйгеге түспекші болған бірқатар кино картина тізімнен алынып тасталған.