
«Біз қазір халықтың жаппай вакцина алуын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмыста ірі кәсіпорындар басты назарда болуға тиіс. Мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән беріңіздер», дейді Президент.
Одан өзге, Мемлекет басшысы тағы бір мәселе – өңірдегі денсаулық сақтау нысандары ескіргенін баса айтты.
«Үкімет әкімдікпен бірлесіп, көпбейінді аурухана, психикалық денсаулық орталығын және заманауи қалалық емханалар салу мәселесін шешуі керек», дейді Қ.Тоқаев.