Қоғам • 21 Сәуір, 2021

Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

«Санкция бойынша Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін созылды. Оған сағат 08.00 мен 19.00 аралығында үйден шығуына рұқсат берілді», деді Д. Куряченко.

Ақпан айында адвокат үйқамақта отырған экс-министрдің  үйіне шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын. Бүгін желіде алты айдан бері үйқамақта отырған Елжан Біртановтың фотосы тарады. 

Еске сала кетейік, Елжан Біртанов бүгінгі сот отырысында өзінің кінәсіз екенін айтып, соттан босатуын сұрағанын жариялаған едік.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын. Осы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты, кейін сәуір айының 30-на дейін тағы созған еді.

Ал наурыз айының соңында бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко БАҚ-қа сұхбат беріп, Біртановтың денсаулығы сыр бергенін және оны үйқамақта негізсіз ұстап отырғанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше