«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.
Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», делінген жазбада.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 19:21
Қазақстанда алғаш рет жеке меншік этнографиялық музей ашылды
Музей • Бүгін, 17:43
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 16:16
Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін сотталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мәулен Әшімбаев «Run for autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Парламент • Бүгін, 12:57