 
                                        «Мемлекеттік шекарадағы шараларды күшейту мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыға ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізді», деді М.Шоранов.
Жалпы, Қазақстанға шетелден COVID-19 анықтамасыз келетін адамдар саны кемігені байқалады. 13 сәуірде анықтамасыз 251 адам келген, оның ішінде екеуінде COVID-19 тестінің оң нәтижесі анықталды. Наурыз айының сәйкес мерзімінде анықтамасыз келген 4 975 адам тіркелген, 16 – талдау нәтижесі оң болған.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                