ANTIKOR • 14 Сәуір, 2021

Антикор қалалар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелерді шешуде

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары  Д.Малахов Тобыл қаласы мен Алтынсарин ауданын аралау барысында жергіліеті азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Антикор қалалар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелерді шешуде

Шағымданушылардың сұрақтары балалар алаңдарының құрылысына, Зареченское ауылында су құбырын өткізуге, Жамбыл кентін газдандыруға қатысты болды. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушілерге нақты мерзімдер мен орындаушыны көрсете отырып, барлық мәселелерді шешуге уәде берді. Өз кезегінде Агенттік төрағасының орынбасары олардың орындалуын бақылауға алды.

Д.Малахов Әулиекөл ауданына да барады деп жоспарлануда, онда сервистік әкімдіктің жұмысын тексеріп, фронт-офистің жұмысымен танысады және азаматтарды қабылдайды.

Сондай-ақ Агенттік Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Қарағанды облысына сапары барысында облыстық «Ashyq akimat» қызметімен танысты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан өңірдің мәдени объектілерін қайта құру барысына және бюджет қаражатын тиімді, ұтымды пайдалануға ерекше назар аударылды.

1

Азаматтарды қабылдау барысында Н. Шабдар Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті. Шағымданушылардың өтініштері жер телімдерін бөлуге, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және т.б. қатысты болды.

Агенттік өкілдері аудандар мен қалаларды аралаумен қатар, ауылдар мен кенттердің тұрғындарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.

Жалпы, барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, көбіне онлайн форматта өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25