Технология • 13 Сәуір, 2021

Мемлекеттік орган басшылары өз ЭЦҚ-сын қараусыз қалдырып жүр

1 мин
оқу үшін

Электрондық цифрлық қолтаңба өз қолымен қойылған қолтаңбаға тең және заңдық салдары да бірдей болады. Бізге жеке және лауазымды тұлғалардың оларға тиесілі ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға заңсыз беру фактілері бойынша материалдар мен шағымдар көптеп келіп түседі. Едәуір жиі кездесетін жағдайлар – ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың басшыларының өздерінің ЭЦҚ-сын қараусыз қалдыруы, жұмыстан босатылған қызметкерлердің ЭЦҚ-сын кері қайтармауы, өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беруі. ОКҚ өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов «қолтаңбаның» электронды нұсқасының мән-маңызын ескермеудің немесе бағаламаудың салдарынан мысалдар келтіріп өтті.

Мемлекеттік орган басшылары өз ЭЦҚ-сын қараусыз қалдырып жүр

Заңсыз берілген ЭЦҚ көмегімен сенімхаттар ресімделіп, қаржылық құжаттарға қол қойылған жағдайлар болды.


«ЭЦҚ-ны беру фактілері бойынша біз ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша әкімшілік істер қозғаймыз және 15-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қаржы өндіріп алынады. 2020 жылы ЭЦҚ-ны заңсыз берудің және электрондық қолтаңбаны тиісінше қорғаудың 30-дан астам фактісі анықталды, 2021 жылдың басынан бері 6 іс қаралды, өндірісте тағы 3 іс бар»,  деп атап өтті Әбдіхалықов.


Ол қазақстандықтарды ешбір жағдайда ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға бермеуге, қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ кілтті беруді талап етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20