Қазақстан • 13 Сәуір, 2021

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қос азаматтығы бар 2 мемлекеттік қызметкер лауазымынан босатылды. Бұл туралы Сенат депутатының сауалына Мемлекеттік қызмет істері агенттігігінің төрайымы Анар Жайылғанованың жауабында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға тиісті түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Республика азаматтығын жойған не одан айырылған, сондай-ақ шет мемлекеттің азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерші (квазимемлекеттік сектор басшылары) қызметтен шығарылуға жатады», деді ол.

Агенттік төрайымының айтуынша, осы талаптарды орындау тетігін әзірлеу аясында Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік қызметкерлердің  «қос азаматтығының» бар-жоғын тексереді.

«Қазіргі уақытта қос азаматтықты анықтау фактісі бойынша мемлекеттік қызметшілер (Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы О.Почивалов пен Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы И.Точидловская) атқарып отырған лауазымынан босатылды. Осылайша, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қатысты барлық заңнамалық шаралар қабылданды деп санаймыз», деді Анар Жайылғанова.