 
                                        Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков және Ян Зелинскимен чемпиондық жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандықтар басымды көрсетті – 7:5. Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жүлдені жұлып алды – 10:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                