Теннис • 07 Сәуір, 2021

Юлия Путинцева Зарина Диасты ұтты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері АҚШ-тың Чарльстон қаласында теннистен жүлде қоры 565 530 долларды құрайтын «‎Volvo Cars Open»‎ турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Юлия Путинцева Зарина Диасты ұтты

Айтулы жарысқа Қазақстанның төрт ойыншысы қатысқанымен Ярослава Шведова мен Елена Рыбакина алғашқы айналымда сүрінді. Ал әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева мен WTA тізімінде 88-сатыға жайғасқан Зарина Диас өздерінің тұсаукесер кездесулерін жеңіспен аяқтады. Юлия ұлыбританиялық Хэрриет Дарттан айласын асырса, Зарина ресейлік Наталья Выхлянцеваның ойсырата ұтты. Екінші кезеңде қос жерлесіміз өзара күш сынасты. Бұл тартыс 6:2, 6:2 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілді.

Үшінші кезеңде отандасымыз Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасады. Бірден айта кетейік, Испанияның өкілі өте мықты ойыншы. Бұл күндері әлемдік рейтингте 13 орында тұрған Мугуруса кезінде Ролан Гаррос және Уимблдон турнирлерінде топ жарып, Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсеткен.