Спорт • 02 Сәуір, 2021

Қазақстандық теннисшілер Ресей ашық чемпионатында бақ сынайды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 сәуір күні Оренбург қаласында үстел теннисінен «А» Жоғарғы лигасындағы әйелдер командалары арасында Ресей ашық чемпионатының үшінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер Ресей ашық чемпионатында бақ сынайды

Ашық біріншілікте қазақстандық  «TTС Karaganda» командасы да бақ сынайды. Клуб қатарында Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкиналар бар. Команданың бас бапкері – Татьяна Ким. 

Айта кетейік, екінші топта сынға түсетін қазақстандықтар «УГМК-УОР» (Верхняя Пышма), ОСШОР (Тюмень), «Звезда» (Серпухов), «Сабы-Татарстан» (Богатые Сабы), «Факел-1» (Оренбург), «Луч-Росток» (Екатеринбург), «Малинка» (Мәскеу) командаларына қарсы ойнайды.