Қазақстан • 16 Наурыз, 2021

Ғалым әйелдер үшін арнайы квоталар енгізіледі

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы гранттық қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді, оның ішінде шағын және халықаралық коллаборация бойынша гранттар бар, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалым әйелдер үшін арнайы квоталар енгізіледі

2020 жылы ғылыми жобалар бойынша 5 конкурс өткізілді. Ғылымды әкімшілендіру жүйесі жетілдіріліп, жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар арттырылды.

Жас ғалымдарды қолдауға да ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Біз ғалымдардың тағылымдамадан өтуі үшін 500 грант бөлу туралы тапсырма шеңберінде жұмысты ұйымдастырамыз. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында жас ғалымдарға кемінде 1000 ғылыми грант бөлуді тапсырды. Қаржыландыру бар, жұмыс жүргізілетін болады. Жас зерттеушілерге қолдау көрсету үшін біз ғылыми гранттарға конкурстар жариялау кезінде арнайы квота енгіздік. Қазір біз жас ғалым әйелдердің санына қатысты да дәл осындай квотаны енгіземіз деп шешім қабылдадық. Бұл туралы біздің ғалым әріптестерімізбен кездесулерде бірнеше мәрте айтылған болатын», деді министр Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше