Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Таразда өтемақысын ала алмай жүрген тұрғын шатырдан секірмек болды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда жұмыс барысында алған жарақаты үшін өтемақы ала алмай жүрген 27 жастағы азамат шатырдан секірмек болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Таразда өтемақысын ала алмай жүрген тұрғын шатырдан секірмек болды

Белгілі болғандай, ер адам құрылысы аяқталмаған бес қабатты ғимараттың шатырынан секірмек болған. Бірнеше минуттан кейін учаскелік полиция қызметкері ғимараттың төбесіне шығып, жас жігітті әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

«29 жастағы жігіт өзі жұмыс істеген кәсіпорын басшысының үстінен шағымданған. Ол жұмыс барысында жарақат алғанын және ол үшін әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтқан. Өзара диалог кезінде полиция қызметкері оған байыппен жақындап, секіруге оқталған сәтте қолынан ұстап, өзіне тартып қалды», делінген хабарламада.