Әлем • 09 Наурыз, 2021

Таиланд туристер үшін карантинді алып тастайды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд билігі шетелдік туристер үшін карантинді алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдегі Туризм басқармасының (Tourism Authority of Thailand – TAT) туроператорлармен кездесуінен кейін белгілі болды, деп Egemen.kz

Таиланд туристер үшін карантинді алып тастайды

Кездесуде шетелдік туристер үшін Таиландқа келу шарттарын жеңілдету талқыланып, жаңа ережелердің қашан енгізілуі мүмкін екені анықталды. Келушілер үшін міндетті карантин шілдеде қысқартылып, қазанда толығымен жойылады деп шешілді.

Қазір Таиландқа келген туристер ALQ (Alternative Local Quarantine немесе жергілікті карантин) қонақүйлерінің бірінде өз есебінен 15 күндік міндетті карантинде болуы керек.

«2021 жылдың шілдесінен бастап міндетті карантин мерзімін 7-10 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Олардың ішінде қонақүй бөлмесінде турист тек 3-5 күн болуы керек, содан кейін ол қонақүйдің барлық инфрақұрылымын пайдалана алады. Ал ТАТ-пен кездесуде айтылған жоспарларға сәйкес, Таиландта 1 қазаннан бастап шетелдік туристер үшін карантинді толығымен алып тастау жоспарланды», деді кездесуге қатысушылардың бірі, туроператор басшысы Андрей Снетков.

2021 жылдың 1 қазанынан бастап Таиландқа кіру үшін туриске вакцинация төлқұжатын ұсыну керек немесе ПТР әдісімен екі-үш сынақтан өту керек (ұшуға дейін, елге кіру кезінде және тағы бақылау тесті).

«Жаңашылдықтар қалай енгізіліп, қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Барлық мәселе талқыланып жатыр», деді Снетков.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25