Спорт • 03 Наурыз, 2021

Шешуші кезең басталады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының шешуші раундына қатысатын сегіз команда анықталды.

Шешуші кезең басталады

Плей-офф кезеңінің соңғы жолдамасын «Алматы» хоккей клубы жеңіп алды. Ел чемпионатының кезекті тур ойынын өз айдынында өткізген алматылық ұжым мерзімінен бұрын ел чемпионы атанған Өскеменнің «Торпедосынан» басым түсіп (2:1), соңғы жолдамаға иелік етті. Қазіргі таңда Владимир Князев басшылығындағы команданың еншісінде 43 матчтан кейін 62 ұпай бар. Егер чемпионат соңына дейін Рудныйдың «Горняк» клубы барлық ойында жеңіске жететін болса, «Алматымен» ұпай санын теңестіруі де мүмкін. Алайда қосымша көрсеткіш бойынша «Алматы» турнир кестесінде бәрібір «Горняктан» жоғары тұрады.

Осылайша Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде «Алматы» мен «Тор­педодан» бөлек, «Теміртау», «Сары­арқа», «Но­мад», «Бейбарыс», «Арлан» және «Құла­гер» командалары ойнайтын болды.

Соңғы жаңалықтар

Экологиялық акцияға қатысты

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:03

Таза орта қалыптастырудың маңызы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қылмыс деңгейі екі есе төмендеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:57

Арқалық көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:55

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

Білім • Бүгін, 08:53