Тағайындау • 27 Ақпан, 2021

Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.

Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.

Нұрбол Ержанов Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС-ің менеджері болып бастаған. Әр жылдары жеке кәсіпорындарда түрлі басшылық лауазымдарда болды. Астана қаласы көлік прокурорының көмекшісі, «Новая Эра» ЖШС директоры, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында бас маман, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі болды.

2018 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше