
«Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдарында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрілердің қалдықтары бар. Бұл 55 миллион теңге көлеміндегі ривароксабан, апиксабан, дабигатран, парацетамол және ибупрофен. Бүгінде 681 адам 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген», деді Нариман Сыздықов.