Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайрам тұрғын алабындағы №3 қалалық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны алу үшін жергілікті бюджеттен 160 млн қаржы бөлінген.

Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды

Сайрамдағы тұрғындар енді КТ аппаратына түсу үшін орталық ауруханаға келіп сабылмайтын болды. Медициналық ұйымға орнатылған қондырғы арқылы дәрігерлер ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілетін науқастарды диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, медицина мамандары КТ-ны қолдана отырып азаматтарды жоспарлы тексеруден өткізбек.

Айта кетейік, №3 қалалық аурухана көп салалы болғандықтан мұнда 56 орындық перзентхана бар. Медициналық ұйымда балалар, хирургия, терапия, неврология, реананимация сынды бөлімшелер жұмыс істейді. Биыл наурыз айында ауруханада нейрохирургия бөлімін ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше