
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, сондай-ақ бүгін сағат 16:10-да ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолды көрінбеуі) байланысты «Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» автожолының 105-123 шақырымы, нақтырақ айтқанда Шемонаиха ауылы мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.