Видео • 12 Ақпан, 2021

Құтқарушылары ер адамның денесін үйінділер астынан шығарды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласы Құтқару қызметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылары ер адамның денесін үйінділер астынан шығарды

11 ақпанда сағат 14: 50-де Алматы қаласы Құтқару қызметі жедел кезекшісінің басқару пультіне көмекке шақыру түскен.  Қоңырау шалушы жер қазу жұмыстары кезінде Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының артындағы қоқыс аумағында ер адам астында қалып, оған көмек керек екенін айтты.  Оқиға орнына жедел түрде 12 адамнан тұратын 109-шы құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж аттанды.  Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады.  Құтқару жұмыстары кезінде ер адамның денесі табылды, ол үйінділердің арасынан шығарылып, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.