Қоғам • 09 Ақпан, 2021

Қазақстанда салық қызметкерлері арнайы форма киетін болды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріліп, базалық жалақысына қосымша үстеме қосылып, бірыңғай формалық киіндіру енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда салық қызметкерлері арнайы форма киетін болды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі атап өткендей, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкеткерлері жалақысының төмендігі, әлеуметтік қорғалмағаны мен қызметінің жауапкершілігі жоғары болуына байланысты жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр», деді Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мұндай жағдай білімі мен мол тәжірибесі бар қызметкерлердің жекеменшік секторға кетуіне әкеп соғады.

«Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формалық киім мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл шара білікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді»,  деп атап өтті ол.