Экология • 08 Ақпан, 2021

Бозжырадағы қонақүй құрылысы орнында не болып жатыр?

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бозжыра шатқалында қонақүй кешеніне арналған учаске белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz

Бозжырадағы қонақүй құрылысы орнында не болып жатыр?

Бұл жерде блок-контейнерлерден үш модульдік кемпинг орнатылған. Су тасығыштар технологиялық процестер мен жұмыстар үшін орнатылған бөшкелерді сумен толтырып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау әкімдігі Бозжыраға неге арнайы техника келгенін түсіндірген еді. Шенеуніктердің айтуынша, Бозжырада топырақтың геологиялық жағдайын анықтау үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер басталған.

1

5 ақпанда қонақүй құрылысы қоғамдық тыңдауда талқыланды. Қазақстан биоалуантүрлілік қауымдастығының (ҚБСА) сарапшылары жобаның кемшіліктерін атап өтті. Сарапшылар жабайы жануарлар мекендей алатын, адам аяғы баспаған аймақ қажет екенін баса назарда ұстау қажеттігін айтқан еді.

Америкалық журналист, документалист және жазушы, екі Пулитцер сыйлығының лауреаты Пол Салопек Бозжыра шатқалындағы жер құрылысын қазақ халқына қарсы қылмыс деп атады.

Бұған дейін әзірлеуші қонақүйдің эскиз жобасын ұсынған болатын. Жоба инвесторға 38,6 миллиард теңгеге түседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025